фото news.ivest.kz сайтынан
Павлодар облысында басқарушы қызметтерге әйел адамдарды көптеп тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев әкімдікте жұмыс істейтін ер адамдар ұжымына, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік құрылымдарға әйелдерді тартуға мүдделі. Ол туралы әкім журналистермен болған кездесуде айтты. "Мен гендер жағынан барынша сезімтал болуға тырысамын. Былайша айтқанда, әйел адамдарды тартып, оларды бірінші және екінші басқарушы қызметтерге тағайындайтын боламын. Мемлекеттік қызметте әйелдер көп болуы тиіс. Себебі басшы әйелдер жауапты, адамгершілігі мол, әлдеқайда еңбекқор. Оған қоса, олар адамды алдай алмайды", - деді облыс әкімі. Оның сөзіне қарағанда, әзірше облыста мемлекеттік қызметте, көбінесе, ер адамдар жұмыс істейді. "Қазір әкімдіктерде, көп жағдайда, ер адамдар қызмет етеді. Бірақ біз ол жағдайды өзгертетін боламыз. Бір әйел әкім бізде бар. Ол Лебяжі ауданын басқарады. Демек, бастамасы бар. Оны ары қарай жалғастырып, әйел адамдарды жұмысқа шақыратын боламыз", - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев. Айта кетейік, 2011 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 44 жастағы Айзада Құрманова Лебяжі ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.
Павлодар облысында басқарушы қызметтерге әйел адамдарды көптеп тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев әкімдікте жұмыс істейтін ер адамдар ұжымына, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік құрылымдарға әйелдерді тартуға мүдделі. Ол туралы әкім журналистермен болған кездесуде айтты. "Мен гендер жағынан барынша сезімтал болуға тырысамын. Былайша айтқанда, әйел адамдарды тартып, оларды бірінші және екінші басқарушы қызметтерге тағайындайтын боламын. Мемлекеттік қызметте әйелдер көп болуы тиіс. Себебі басшы әйелдер жауапты, адамгершілігі мол, әлдеқайда еңбекқор. Оған қоса, олар адамды алдай алмайды", - деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, әзірше облыста мемлекеттік қызметте, көбінесе, ер адамдар жұмыс істейді. "Қазір әкімдіктерде, көп жағдайда, ер адамдар қызмет етеді. Бірақ біз ол жағдайды өзгертетін боламыз. Бір әйел әкім бізде бар. Ол Лебяжі ауданын басқарады. Демек, бастамасы бар. Оны ары қарай жалғастырып, әйел адамдарды жұмысқа шақыратын боламыз", - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.
Айта кетейік, 2011 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 44 жастағы Айзада Құрманова Лебяжі ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.