Әйелдер мен ер адамдардың көбінде не туралы сөйлесетіні анықталды

30 Мамыр 2016, 09:29
0
Әйелдер мен ер адамдардың көбінде не туралы сөйлесетіні анықталды - © Moya-planeta.ru
© Moya-planeta.ru

52 мың Facebook қолданушысының 10 миллионнан аса хабарламасын зерттеп шыққан тіл мамандары әйелдер мен ер адамдардың әлеуметтік желілерде көбіне не туралы жазатынын анықтады. Зерттеу жұмысының нәтижесі PLoS ONE журналында жарияланды.

Лексикалық сараптама әйелдердің анағұрлым сыпайы, әдепті, ал ер адамдардың керісінше агрессиялық түрде сөйлейтінін көрсетті. Мамандар әйел адамдардың көп жағдайда адамдарды, олардың әрекеттерін талқылайтынын айтты. Ер адамдар болса жалпылама, адамдарды өзін ұстауын айтады екен.

Зерттеу нәтижесінде әйелдердің хабарлама жазған кезде көбіне позитивті (мысалы, "бақыттымын", "<3", "жақсы көремін"), сонымен қатар асыра сілтейтін ("өөөөте", "соншалықты") сөздер мен белгілерді пайдаланатыны айтылады. Ал ер адамдар саясатқа ("үкімет", "салықтар", "саяси"), спортқа ("футбол", "кезең", "жеңіс") қатысты сөздерді көбірек пайдаланады.

Осы мәліметтерді сараптай отырып, ғалымдар әйелдер көбіне "жылы" сөздер, ал ер адамдар "суық" сөздер қолданады деген тұжырымға келді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай