06 шілде 2016 | 17:58

Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/aisultan.nazarbayev © facebook.com/aisultan.nazarbayev

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін айтты, - деп хабарлайды парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін айтты, - деп хабарлайды парақшасында жазды.

"Достар, алғысымды айтқым келеді. Қызымның дүниеге келуі - біз үшін ерекше қуаныш. Ал сіздер пікірлеріңізбен оны еселеп көбейттіңіздер. Көбіңіз қызыма қандай есім қойылғанын сұрадыңыздар. Бізде құпия жоқ :) Біздің сұлуымыздың есімі Амели Назарбаева. Біздің жас отбасымызға көрсетіп отырған жылы лебіздеріңізге рақмет. Осы жасаған жақсылықтарыңыз Жаратқаннан жүз есе көбейіп қайтсын", - деп алғыс білдірді Айсұлтан. 

Сонымен қатар, ол бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні екенін де айтып өтті. "Жасырмаймын, жүрегімде осы адамға деген зор сүйініш бар. Бір жағынан мен Президенттің немересімін ғой. Ал бір жағынан мен өз елімнің азаматымын, Қазақстанның ұлымын, осында өмір сүріп, тіршілігіне араласамын", - деп жазды ол. 

"Мен - қазақпын. Әлемнің кез келген елінде ұлтымды мақтанышпен айтамын. Барлығына құрмет көрсете отырып, мен өз ұлтыммен, үш мың жылдық тарихиммен мақтанамын. Біз көшпелі халықтың ұрпағымыз. Бізтің ата-бабамыз 550 жыл бұрын бірігу мүмкіндігіне ие болып, елімізді бізге сыйға тартты. Еркін адамдардың елі - қазақтар (ежелгі түрік тілінен "қазақ" деген сөз осындай мағына береді)", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар, ол бүгінгі Қазақстанның мызғымас берік екеніне сенімді екенін айтты. Айтуынша, күшіміздің, тұрақтылығымыздың, егемендігіміздің кепілі - бірлік. Жәнібек пен Керейден, Абылайға дейінгі хандардың барлығы халықтың бірлігіне ұмтылды. 

"Абылай хан "Менде үш арман болды. Біріншісі: халқымды бейбіт өмірге жеткізгім келді, бірақ көп қан төгілді. Екіншісі: менің халқым қалалар тұрғыза алмады. Үшіншісі: барлық халықты толықтай біріктіре алмадым" депті. Абылайдың армандары бүгінгі Қазақстанда орындалды. Оларды бірде-бір хан орындай алмады, бірақ заңды түрде сайланған тұңғыш Президент орындады (...) Қазақтарда осында көшбасшының барына Аллаға шүкір, оның жетістіктеріне бүгінде Абылай ханның өзі тамсанар еді. Ата Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық тілеймін. Алла Тағала Сізге ең ұзақ өмір берсін!", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында ол.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев биыл маусым айында әке атанған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети