Әзірбайжанда некелесуші азаматтардан денсаулығы туралы анықтама талап етілетін болды, - деп хабарлайды Rusnovosti.ru.
Әзірбайжанда некелесуші азаматтардан денсаулығы туралы анықтама талап етілетін болды, - деп хабарлайды Rusnovosti.ru.
Елде жаңа жылдан бастап Отбасы кодексіне енгізілген түзетулер күшіне ие болды. Енді үйленбекші болған жастар АХАЖ органдарына өтінішпен бірге медициналық анықтама әкелуі тиіс. Елдегі мемлекеттік ауруханалар болашақ ерлі-зайыптыларды тегін тексеруден өткізеді.
АХАЖ органдарына медициналық анықтама тапсырылғанымен, ондағы мамандарға дәрігерлердің қорытындысы құпия болады.
Мұндай ереже жыныстық қатынастан жұғатын аурулардың таралуына жол бермеу үшін енгізілді. Бұдан былай некелесушілердің бірі өзіндегі соз аурулары туралы мәліметті жасыратын болса, ерлі-зайыптының бірі сотқа некені жарамсыз ден тану жөнінде шағым түсіре алады.