Әзірбайжандық қылмыскер қыз сұлулығымен қолданушыларды таңғалдырды

13 Маусым 2017, 22:20
1
Әзірбайжандық қылмыскер қыз сұлулығымен қолданушыларды таңғалдырды - © 1news.az
© 1news.az

23 жастағы әзірбайжандық Саида Керимова Баку қаласында ұрлық үшін ұсталған. Ол аз уақыттың ішінде Азнет жұлдызына айналды. Facebook және басқа да әлеуметтік желі қолданушылары Саиданы "Бакиндік криминалдың сұлу ханшайымы" деп атап кеткен, - деп хабарлайды 1news.az.

"Қыз баланың суреттері әсерлі болғаны сондай, оның бірге тұрып жатқан адамымен ұрлыққа барды дегенге қимайсың. Енді Керимованың тағдырын сот шешетін болады. Өзіне тағайындалған жазаны өтеп болған соң Саида әлемдегі ең көрікті қылмыскер Джерими Микстың тағдырын қайталауы мүмкін. Ол түрмеден шыға салысымен сән әлемі мен журналдардың бетінен бірақ шыққан", - деп жазады басылым. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай