Ажырасқаннан кейін мүлкін қақ бөлген немістің оқиғасы өтірік болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ажырасқаннан кейін мүлкін қақ бөлген немістің оқиғасы өтірік болып шықты ©Ebay.de

Ажырасқаннан кейін мүлкін екіге бөлген немістің оқиғасы өтірік болып шықты. Осыған дейін құрбысымен ажырасып кеткен оның екеуіне ортақ заттарды екіге бөліп, өзіне тиесілі бөлігін eBay интернет-аукционындағы парақшасына сатылымға қойғаны, ал қалған бөлігін бұрынғы ғашығына жолдағаны хабарланған еді. BBC мәліметінше, елді елең еткізген оқиға ойдан шығарылған.

Шын мәнінде жүрегі жараланған жігіттің автомобильді, телефонды, төсек орнын және тағы да басқа заттарды қаққа бөліп жатқан сәті көрсетілген видеоролик неміс адвокаттар ассоциациясы үшін арнайы түсіріліпті. 

"Мұндағы идея - Германияда ғана емес, сонымен қатар барлық елде ушығып тұрған мәселеге әзілмен назар аударту. Көптеген жұп ажырасуда қажетті шараларды қабылдамайды. Сондықтан ажырасқандардың жағдайы дұрыс жолмен шешілмейді", - делінген Deutsche Anwaltauskunft сайтында жарияланған хабарламада.

BBC мәліметінше, мүлкін қақ бөлген немістің оқиғасын АҚШ-тың Mashable және Fox News беделді ақпарат құралдары, Ресейдің RT телеарнасы және Иранның Press TV сияқты ірі БАҚ-тары хабарлаған. "Лаураға" деген атпен YouTube ресурсына шыққан видео 6 миллионнан астам рет көріліп үлгеріпті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети