Сәбидің ата-анасы оның не үшін қайта-қайта жылай беретінін анықтағысы келіп, жатын бөлмесіне видеобақылау камерасын орнатқан. Видеоға түсіп қалған жағдай ата-анасының жағасын ұстатқан, - деп хабарлайды Paranormalwarehouse.com.
YouTube желісінде жарияланған видеода сәбидің төсекте аунақшығанын, ал арғы жағынан қыздың түріне ұқсас жұмбақ дененің үңіліп тұрғанын көруге болады. Осыдан кейін ата-ана үйде әлдебіреудің рухы кезіп жүр деп топшылаған.
Желіге видеоны Melanie Meez деген қолданушы жариялаған. Болжам бойынша, видео Канадада түсірілген. Видео әлеуметтік желілерде вирусқа айналып, көп пікір жазылған.
Көпшілігі ата-анасына мен сәбиге алаңдаушылық білдіріп жатыр. Алайда жұмбақ денені видео сапасы нашар болғандықтан жатын бөлмеге түсетін сәуле деп отыр. Тағы біреулері оны қуыршақ деп топшылаған.