Әлі өз бетінше жүре алмайтын балаларға арналған арбаны ата-аналар баласын тез жүріп кетсін деген мақсатта алатыны бәрімізге аян. Алайда, жедел-жәрдем дәрігерлері күніне мыңдаған сәби арбадан алған жарақаттармен түсетінін және педиатрлар мұндай арбаға тыйым салу керектігін бұрыннан айтып келе жатқанын мәлімдеді.
Әлі өз бетінше жүре алмайтын балаларға арналған арбаны ата-аналар баласын тез жүріп кетсін деген мақсатта алатыны бәрімізге аян. Алайда, жедел-жәрдем дәрігерлері күніне мыңдаған сәби арбадан алған жарақаттармен түсетінін және педиатрлар мұндай арбаға тыйым салу керектігін бұрыннан айтып келе жатқанын мәлімдеді.
Pediatrics журналында жарияланған ғылыми зерттеулердің мәліметіне сәйкес, 1990 жылдан бастап 2014 жылға дейін 230 мыңнан астам 15 айлық бала АҚШ жедел-жәрдем бөліміне "Жүріс арбасынан құлап түсті" деп бас сүйегінің сынуы, ми шайқалу, сынған сүйектер және басқа да жарақаттармен жеткізіледі екен.
Әлі жүре алмайтын балаларға бұл арба ата-аналарға таптырмас нәрсе болып көрінгенімен, төрт дөңгелекті құрылғы балалардың баспалдақтан құлап түсуіне әкеп соқтырып жатады.
Дәрігерлердің айтуынша, арбада отырған балаларды ата-аналары еш қауіп төндірмейді және құлап бара жатқан жағдайда дер кезінде ұстап аламын деп ойлайды. Алайда, бұл қате түсінік. Себебі, олар бір секундына бір метрден астам жылдамдықпен қозғалады. Ал бұл кез-келген ата-ананың реакциясынан жылдамырақ.
Одан бөлек, көптеген ата-ана балаларын бұл арбаға жүруге тез ыңғайлансын деп отырғызып қояды. Алайда, зерттеулердің көрсетуінше арба баланың жүру қабілетін баяулатады.
Pediatrics басылымы мұндай ескертулерге қарамастан ата-аналар балаларын жүру арбасына отырғызып, тіпті бұрыннан келе жатқан дәстүр деп мұра ретінде қалдырады.
Қауіпсіз альтернатива ретінде, дәрігерлер белсенділікті дамытатын және қауіпсіз болатындай стационарлық құрылғыларды пайдалануды ұсынады. Дегенмен, балалардың ауруханаға түсу себебі тек арба емес. Жүру арбасын дұрыс қолданбау, кенгуру сөмкелерді дұрыс пайдаланбағанның арқасында әрбір сегіз минут сайын үш жасқа толмаған балалардың ауруханаға баруына себепші болады. Жақында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, мұндай жарақаттармен ауруханаға тапсырылатын балалардың саны артып жатыр.