"Балаларым қарны ашып жылай бастағанда, өмірден түңіліп кетемін"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырауда екі баланың анасы ажырасқаннан кейін баспанасыз және ақшасыз қалды. Балаларға тамақ табу үшін қызының туу туралы куәлігін көтерме сауда дүкенінің иесіне кепілге тастауына тура келген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда екі баланың анасы ажырасқаннан кейін баспанасыз және ақшасыз қалды. Балаларға тамақ табу үшін қызының туу туралы куәлігін көтерме сауда дүкенінің иесіне кепілге тастауына тура келген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым тілшілерінің жазуынша, Рысханым Аяпова 24 жаста. Еш жерде жұмыс істемейтін, ішімдікке әуес және әйелінің табысына қарап отырған күйеуімен жарты жыл бұрын ажырасқан. 

"Күйеуім Қызылордадан болатын. Өміріміз ешқашан қуанышқа толы болмады. Ішімдікке әуес еді, үйдегі бар затты, тіпті-азық-түлікті де араққа ауыстырып жіберетін. Көз жұма қарап, шыдап бақтым, үйге көтеріп алып келіп, жуындыратынмын. Үйге азық-түлікті де өзім тауып келетінмін. Дегенмен ол басқа әйелді сүйетінін айтып, Қызылордаға кетіп қалды. Мен баспанасыз, ақшасыз қалдым", - дейді келіншек. 

Оның айтуынша, әлі де алиментке құжат өткізе алмай отыр екен. Әйелдің не азық-түлік алуға, не қалаға барып құжатты реттеу үшін жолына да ақша жоқ екен. Оның үстіне бала бір жасқа толғанға дейін жәрдемақы түсіп тұратын картаны күйеуі кредитін төлеу үшін өзімен алып кетіпті. Енді үш және бір жастағы баланың анасы адамдар алып келетін азық-түлікке күнелтуге мәжбүр. Бұл отбасының үстіне киетін киімдері де жоқтың қасында, бәрі ескіріп кеткен. 

"Кейде үйде бір үзім нан да болмайды, ал ет дегеніңіз біз үшін арман. Бүгінде екі қызымның да туу туралы куәліктері азық-түлікті қарызға алатын көтерме сауда дүкенінің иесінде кепілде жатыр. Қазір қарызым 18 мың теңге, оны қалай төлерімді білмеймін. Кейде балаларым түнде қарны қатты ашқанынан оянып, жылайды, сол кезде жүрегім қысып, өмірден түңіліп кетемін", - дейді Рысханым Аяпова. 

Келіншектің кенже қызы Әнел осы күнге дейін бірде-бір екпе алмаған, қыз мешел ауруына шалдыққан екен. Күнелту үшін Рысханым қала шетінде тұрып жатқан уақытша жай иесінің балаларына қарайды. Олар келіншекті тегін тұрғызып, сүт пен макарон беріп тұрады. Келіншекті екі баламен "Аналар үйіне" қабылдамапты, өйткені ереже бойынша анасымен бірге бір ғана бала тұруы керек. Екінші қызын балалар үйіне өткізуге кеңес беріпті, бірақ, келіншек ондай қадамға бара алмаған. 

"Маусымнан бастап ай сайын ақы төлеуім керек, 20 мың теңге, оны алатын жер жоқ. Жұмыс істегім келеді, педагогикалық білімім бар, балаға қараушы болып істей аламын, қыздарымды емдеп, балабақшаға бергім келеді. Көмектесе алатын жан болса, алғысым шексіз болар еді", - дейді ол. 

Келіншектің сөзінше, оның туған анасы бар, бірақ, ол екінші рет тұрмыс құрып, көмек бергісі келмейді. Туған әкесін ол бір ғана рет көрген. Ол да қызына алаңдамайтын көрінеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro