Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Facebook парақшасында Алматыда 35 жастағы әйелдің озбыр күйеуінен қашып кеткені жайлы оқиғаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Facebook парақшасында Алматыда 35 жастағы әйелдің озбыр күйеуінен қашып кеткені жайлы оқиғаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бәлиеваның сөзіне қарағанда, Әлия есімді әйел ерте тұрмысқа шығып, үш бала тапқан. Тұңғыш қызы 14-те, екінші ұлы 9 жаста, ал кенжесі - бір жастан асқан. Неке кезеңінде ол күйеуінің үнемі ұрып-соғуы мен қорлауына, мас күйіндегі қылықтарына шыдап келген. Қыз ата-анасына кетуге тырысса да, олар өсек-аяңнан, туысқандардың сөзінен қорқып, үнемі қызын күйеуіне қайтарып отырған.
"Бір күні қыста күйеуі үйге қайта мас күйінде келді. Жалаңаш дерлік күйде қыз балаларымен тез арада далаға шығып, вокзалға жол тартқан. Ол әрдайым күйеуі мас болып келгенде солай жасаған, себебі ол әйелін ғана емес, балаларына да қол көтеретін. Теміржол станциясында қыз бір әйелмен танысқан. Неге екені белгісіз ол әйелге барлық жағдайын айтып отырған. Бәлкім қиындықтарын бөлісетін адам керек болған шығар. Әйел басқа қалада тұратын құрбысымен хабарласады. Атын Жанна делік. Ол кісі Әлияны балаларымен өзінің үлкен үйінде қуана қабылдайтынын айтады. Сөйтіп, әйел оларға жақын арада жүретін автобусқа билет алып беріп, Әлия балаларымен Алматыға жаңа өмірге жол тартады", - деп жазды Зағипа Балиева.
Ол кезде Әлия 35 жаста еді, ол ешқашан өмірінде жұмыс істемеген, сауаты аз еді. Алайда, балаларымен Алматыға келгеннен жұмыс іздей бастаған. Көп ұзамай оған үй қызметшісі жұмысы ұсынылды. Сөйтіп Әлия өзінің алғашқы табысын тапты.
Кейінірек Әлия жеке тапсырмаларды қабылдай бастады. Тазалау жұмысымен айналысты. Өз ісін жақсы жасағаны соншалық, екі айдың ішінде клиенттер кезекке тұратын болды. Осы уақытқа дейін оған қамқор болған әйел - оның жетістігіне қуанып, құжаттарын рәсімдеуге, балаларын мектепке, балабақшаға беруге көмектеседі. Ал төрт айдан соң Әлия өзі пәтер жалдай бастапты.
"Бір жыл өтті. Балалар мектепке және балабақшаға барады. Жанна Әлияның үйіне жиі келіп тұрады, Әлия да балаларымен Жаннаға қонақтап келеді. Осы уақыт аралығында олар туыстай болып кетті. Ал Әлияның күйеуіне қайта оралуын сұраған ата-анасы тынышталып, оған өзі өмір сүруіне мүмкіндік берді. Күйеуі нағыз қорқақ адам болып шықты, Жанна оған ажырасуға көмектесті. Енді Әлия бақытты және ол қорқынышсыз болашаққа қарайды", - дейді Бәлиева.
Депутат оқиғаның шын екенін жазады. Бұл дер кезінде адамға қол ұшы созылса, оның өмірі өзгеретініне мысал.