Асьют (Мысыр) қаласында полицей бес жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады life.ru.
Асьют (Мысыр) қаласында полицей бес жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады life.ru.
Порталдың хабарлауынша, полицей балконнан құлап келе жатқан баланы қағып алған.
"Полицейдің әріптестері матаны жайып болғанша, ол ұл баланы қағып алды. Офицердің бұл әрекеті бейнебақылау кемерасына түсіп қалды", - делінген жарияланымда.
Ал, Mirror порталының жарияланымына қарағанда, бес жастағы ұл бала үшінші қабаттан құлап түскенімен, зардап шеккен жоқ, оны құтқарған полицей дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Кейін, баланы құтқару кезінде қатысқан үш офицер Асьют губернаторы Ясир Эль-Десукимен кездесіп, оларға қаржылай сыйақы берілген.