Басы аспанға қараған ер адам ел қатарлы өмір сүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басы аспанға қараған ер адам ел қатарлы өмір сүріп жатыр Клаудио сирек кездесетін буын ауруымен туылған. ©Barcroft Media

Бразилиялық Клаудио Виейра де Оливейра артрогрипоз атты сирек кездесетін буын ауруымен туылған. Аурудың салдарынан оның аяқтары майысып, басы жоғарыдан төмен қарай айналып кеткен. Бала кезінде ол әрең тыныс алатын. Дәрігерлер оның ұзақ өмір сүре алмайтынын айтып, анасына баланы аштан өлтіруге кеңес берген, бірақ әйел дәрігерлерді тыңдамай, баласының ер жетуі үшін қолдан келгенін жасады, - деп жазады Daily Mail.

Ананың еңбегі ақталды. Қазір Клаудио 37-де. Ол жұрт қатарлы өмір сүріп жатыр, теледидар мен радионы өзі қоса алады, ұялы телефонмен қоңырау шала алады, компьютер мен интернетті қолдана алады.

Клаудио компьютер пернетақтасын аузына тістеген қаламмен тереді. Телефон мен компьютер үшін ернін пайдаланады, ал көшеде қыдыру үшін арнайы аяқкиім киеді. Оның өз бетімен күн көруге талпынысы мен қиындықты жеңуге тырысуы оған мектепті ойдағыдай аяқтауға, кейін Фейра-ди-Сантана мемлекеттік университетінен есепші дипломын алуға көмектесті. 

"Бала кезімде мен үнемі оқыдым, өйткені өзгелерге тәуелді болғанды қаламадым. Қазір мен банк есебімен айналысамын, клиенттер үшін қаржылық зерттеу жүргізіп беремін", - дейді Клаудио. Оның айтуынша, бүгінде ол өз денесін күнделікті өмірге әбден бейімдей алған. "Мен қалыпты адаммын", - дейді бразилиялық.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети