1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті жария болды25 шілде 2016, 08:51

Интернетте белгілі продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті жария болды. Сурет 24 шілдеде Instagram желісіндегі beautyroom_dsatzhan ("Beauty Room" Астанадағы оқу орталығы) парақшасында жария болды.

"Бізге ең талғампаз адамдардың өзі сенеді!" делінген суретте. Есентаеваның жанында тележүргізуші, бизнесвумен Динара Сәтжан отыр.


© instagram.com/beautyroom_dsatzhan

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.

 20 маусымда Баян Есентаева ауруханадан шығарылған еді.


Елордада IT-кеңес құрылды