Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari автомобилінде түскен суреті жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari автомобилінде түскен суреті жайлы айтып берді Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жасұлан Ferrari автомобилінде отырған суретінің Түркияда түсірілгенін, көліктің өзіне тиесілі емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, жас жігіттің қымбат автокөлікте отырып түскен суреті Интернетте жарияланғаннан кейін қызу талқыға түскен еді.

Жасұлан Сапарбаев суреттің 2011 жылы түсірілгенін айтты. "Ол кезде мен 20 жаста болдым. Көшеде қыдырып жүріп әдемі машина көрдім, басқа да жастар сияқты қызығушылықпен "керемет автоның" фонында суретке түскім келді. Автомобиль иесі көлікте отырып суретке түсуге рұқсат берді, суретті әлеуметтік желіге салдым", - деді ол.

Шенеуніктің ұлы сурет баспасөздің назарын аударатынын білмегенін жеткізді. "Менің суретім 2-3 жыл бұрын да ақпарат құралдарында жарияланғанын ескере келе, әкеме "жақсылық ойлайтын" бірудің бұған қызығушылық танытып отырғанын айтқым келеді. Біреу әкемнің абыройына нұқсан келтіргісі келуі мүмкін, дегенмен ол ойы іске аспайды!", - деді ол. Жасұлан KIA маркалы автомобилінің бар екенін, сонымен қатар, Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі және қазір достарымен бірге кішігірім бизнеспен айналысып жүргенін жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети