Берлускони көліктен шығып жатқанда тобығын сындырып алды

02 Наурыз 2015, 08:53
0

Италияның бұрынғы премьер-министрі, "Алға, Италия" партиясының көшбасшысы, 78 жастағы Сильвио Берлускони көліктен шығып жатып, оң аяғының тобығын сындырып алды, - деп хабарлайды "Газета.Ru" италиялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"Берлускони бірнеше күн бұрын көліктен сәтсіз шығып, оң аяғының тобығын сындырып алды", - деді саясаткерді емдеп жатқан дәрігер Альберто Дзангрилло. Басылымда саясаткердің жарақатына байланысты екі аптадан астам уақыт бойы балдақпен жүретіні айтылады.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың мамыр айында апелляциялық сот Берлускониді Mediaset медиа тобында қаржы махинациясын жасады деп, төрт жылға бас бостандығынан айырды, бес жыл ішінде экс-премьер мемлекеттік қызметте болмауы тиіс. Бірақ рақымшылық заңы бойынша, Берлусконидің жазасы бір жылға қысқартылды. 2014 жылдың 15 сәуірінде Миланның бақылау соты оның бас бостандығынан айыру жазасын әлеуметтік жұмыстарға ауыстыру туралы ресми шешім шығарды.  

Ақпан айының басында Миланның бақылау соты Берлусконидің қарттар үйінде істейтін жұмыс уақытын 45 күнге азайтты. Осылайша Италияның экс-премьері Альцгеймер ауруына шалдыққан емделушілерді бақылау жұмысынан 8 наурызда босайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай