"Бетіме қышқыл шашамын деп қорқытты" - желіде қостанайлық мұғалімнің үндеуі пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Қостанай облысындағы жас мұғалім оның бұрынғы күйеуі аңдып, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысындағы жас мұғалім оның бұрынғы күйеуі аңдып, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас мұғалімнің үндеуі "НеМолчи" қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған. Әйел адам бұрынғы күйеуі үнемі тиісетінін айтып, шағымданған. 

"Менің барар жерім жоқ, бірақ мына жерде өмір сүре алмаймын. Ол менің бетіме қышқыл шашып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Қарабалық аулында ешкім менің сөзіме құлақ аспайды. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Балам шошып қалған, менің де, оның да психикасы бұзылды", - дейді мұғалім.

Оның айтуынша, бұл бірінші жыл болып жатқан жайт емес. 

"Мен күйеуіммен 2016 жылы ажырасқанмын. Ол мені ұратын. Полицияға шағымданған кезде оның әпкесі мені үйіне шақырып, мені жұмыстан шығаратынын, "Дипломмен ауылға ауылға" бағдарламасы арқылы алған пәтерімді тартып алатынын айтты. Оның әпкесі - газеттің редакторы, бұл жақта онымен ешкім байланысқысы келмейді. Мен өтінішімді қайтарып алдым. 

Осы уақытқа дейін ол мені аңдумен келеді. Мектепке барып, сотқа шағымданып жүрді. Қарабалық орта мектебінің директоры оның басына ешқандай мәселе керек емес екенін айтты, сөйтіп жұмыстан шығып, көрші ауданнан жұмыс іздеуіме тура келді. Баламен барып жүру қиын, ол жерден пәтер сатып алатын жағдайым жоқ. 

Осы жылы қайтадан Қарабалыққа қайтып, басқа мектепке орналасқым келеді, бірақ ол сол жерде де артымнан қалмайды деп қорқамын. Бүгін бес минут уақыт таптым. Ол алты жасар қызымды үйде қалдырып, полиция шақырғанымда аңдып тұрды. Қызымды тартып алатынын айтып, қорқытты. Менің ата-анам жоқ, ол осы жағдайды және әпкесін пайдаланып отыр", - дейді келіншек. 

Ішкі істер министрлігі аталған жайтқа түсініктеме берді. 

"Істі Қарабалық ауданының полиция бөлімі тіркеді. Әйел адамның айтқан деректері бойынша тексеріс жүргізіледі, нәтижесі қосымша хабарланады. 

Сондай-ақ, екеуінің арасындағы жанжал ауданның қамқоршылық органдарының назарында.

Қостанай облысының полиция департаменті бұл жағдайды бақылауларына алды. Соңғы жылдары экс-жұбайлар бір-бірінің атына бірнеше рет шағым түсірген. Осыған байланысты олар бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеру тағайындалды", - дейді министрлік өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro