"Нью-Йорк Янкиз" бейсбол командасының жанкүйері "Бостон Ред Сокс" командасымен болған ойында оның ұйықтап жатқанын көрсеткен америкалық ESPN телеарнасын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The New York Post ақпарат құралына сілтеме жасап.

Эндрю Ректор өзінің арыз шағымында телеарнаны "масқара етті" деп айыптап, өзін "топас" және "месқарын" деп атағаны үшін екі коментатордан өтемақы ретінде 10 миллион доллар талап етті. Жанкүйердің сөзіне қарағанда, ол расымен де 13 сәуір күні болған ойын кезінде ұйықтап кеткен. Ол камераға іліккен сәтте комментаторлар Дэн Шульман мен Джон Крук оны әртүрлі сөздермен қағытып, оны масқаралаған. Ол бейнежазылым келесі күні Бейсбол бас лигасының сайтында қайталанған.
Жанкүйер өзін коментаторлардың әдейі кемсітіп, жүйкесін жұқартқанын айтады. Ол тек ESPN телеарнасының ғана емес, сондай-ақ "Нью-Йорк Янкиз" бейсбол командасы мен Бейсбол бас лигасының үстінен де арыз шағым түсірген.
Естеріңізге сала кетсек, мамыр айының ортасында 62 жасар америкалық Нью-Йорк қаласы, қалалақ транспорт жүйесі басқармасы, дүкен, екі емхана, ұсақ сауда дүкендері және ит қожайынының үстінен сотқа арыз-шағым түсірген. Ол келтірілген шығын үшін екі ундециллион доллар (36 нольдік сан) өтемақы талап еткен болатын.