Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында түсірілген бикини киген байкер қыз туралы видео жарнама болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында түсірілген бикини киген байкер қыз туралы видео жарнама болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Интернет қолданушыларының арасында қызу талқыланған видео YouTube видеохостингіне 6 қыркүйекте жүктелді. Қыздың киім киюі жұртты таңғалдырды. Жас жігіттер қызды әңгімеге тартпақ болды, дегенмен байкер қыз дөрекі қылық танытты да, алға қарай жүріп кетті. Кейбір интернет қолданушылары видеоның вирусты жарнама болуы мүмкін екенін де айтты.
Ролик авторы Роман Масленников мұны растады. Дегенмен, оның айтуынша, мұны жарнама деу дұрыс емес. Олар кең таралатын ролик түсіргісі келген. "Бұл күні Алматыда жаңа Ducati Scrambler-ді түсіру жұмыстары болды. Ал мынау жай ғана ұялы телефонға түсірілген. Айта кету керек, бұл түсірілімге ешқандай коммерциялық ұсыныстың қатысы жоқ. Біз жай ғана мотоцикл мен автомобильдеді жақсы көреміз. Сондықтан да біз қызығушылығымызды әзілмен жеткізуге тырысамыз", - деді ол.