Білім және ғылым министрі мемлекетті үздік менеджер деп есептемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі мемлекетті үздік менеджер деп есептемейді © Ренат Ташқынбаев

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мемлекетті жақсы менеджер деп есептемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мемлекетті жақсы менеджер деп есептемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазіргі таңда эксперимент жүргізуді бастасақ та, бұл баламасыз оқулыққа талдау жүргіземіз деп ойлаймыз, егер мемлекеттік монополия болса оқулық қазіргіден де нашар болады, деп есептейміз. Себебі мемлекет жеке секторға қарағанда, нашар менеджер", - деді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің үкімет сағаты барысында мектеп оқулықтары басылымына мемлекеттік монополия енгізуге қатысты сұрақтарға жауап беріп.

"Онда мемлекетті, министрлікті, үкіметті алып тастау керек", - деген ойын қосты оның сөзіне Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева.

Білім және ғылым министрі бүгін "бір оқулықты шығаруға баспа қанша қаржы жұмсайды?" деген сұраққа, барлық баспа үшін жауап бере алмайтынын, себебі олардың жеке бизнес екенін айтып, жауап берді. Ол тек министрлік өңдеген қазақ тілі пәнінің баламасыз бір оқулығы үшін ғана жауап берді. Бұл оқулықты өңдеуге ведомствоның 70 миллион теңгесі кетіпті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети