Бір қыз өзінен аумайтын бойжеткенді Интернеттен тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір қыз өзінен аумайтын бойжеткенді Интернеттен тауып алды Facebook желісіндегі Twin-Strangers тобы

Ирландия тұрғыны Нимф Джини әлеуметтік желілер арқылы өзінен аумайтын бойжеткенді тауып алды, ол оның егізі сияқты, - деп хабарлайды The Daily Mail. Нимфке ұқсайтын Карэн Брэнниган оған жақын жерде тұрады екен. Осыған дейін олар таныс болмаған.

Олар Twin Strangers ("Таныс емес егіздер") жобасы арқылы кездесті. Онда Нимф пен оның екі досы қатысып жатыр. Олар 28 күн ішінде өздеріне ұқсайтын адамды табуы керек. Нимф іздеуді тоқтатты. Бойжеткен өзіне ұқсайтын қызды тапқанда қатты таңғалғанын жасырмады. "Кездесуіміз бойында мен ештеңе айта алмадым, оған қарап қана отырдым. Таңғалатын жағдай", - деді Джини. Екеуінің де ағалары мен сіңлілері бар, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды екен. Нимфтің серіктері 2015 жылдың 27 сәуіріне дейін сыңарларын табуы тиіс. Жігіттер ер адамдар арасында ұқсас адамдарды табудың қиын екенін атап өтті. Іздеуге әлеуметтік желідегі ресми тобы арқылы қосылуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети