17 сәуірде әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының әкімі әйелі және немересімен бірге суға кетті деген ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
17 сәуірде әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының әкімі әйелі және немересімен бірге суға кетті деген ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Әлеуметтік желіде оқиға орнында суретке түсірілген әкімнің көлігі мен аудиохабарлама жарияланған.
"Базартөбе ауылының әкімі әйелі және немересімен автокөлікте суға кетті, олар паромда болған. Оның есімі Боранбай, ол біздің құдамыз", - делінген хабарламада.
Базартөбе ауылының әкімі Боранбай Қадырғожин өзінің тірі әрі дені сау екенін айтты. Ақпарат жалған болып шықты.
"Маған Желіде суға кеткен көлігімнің суреті жарияланғанын және менің өзім де суға кеткенім туралы ақпарат жарияланғанын айтты. Әрине, мен анықтай бастадым. Негізінде, мұны таратқан Атыраудағы менің құдам болып шықты. Оған да біреу жалған ақпарат берген болып шықты, - дейді Боранбай Қадырғожин. Негізі бұл уақытта менің әйелім жұмыста еді, ал немерем жоқ. Мен көлікті паромға қойып, қол тежегішке қойып кеттім, алайда ол сырғып кетіп, суға кеткен. Суқоймасы аса терең емес, трактормен шығарып алдық. Қазіргі уақытта майын ауыстырып жатырмыз. Былай бізде бәрі жақсы. Енді туыстар осы мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырып жатып, қайткенде де туыстарымыз ғой".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл әкімнің жеке көлігі екен. "Нива" суға кеткенде көліктің ішінде адам болмаған.