Блогер Фима Иванов ет асудың қыр-сырын үйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Фима Иванов ет асудың қыр-сырын үйретті Видео кадры

Белгілі блогер Фима Иванов YouTube-арнасында қазақтың ұлттық асы - етті дайындауды үйреткен видеосын жариялады. Ол видеоны толығымен қазақ тілінде түсірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі блогер Фима Иванов YouTube-арнасында қазақтың ұлттық асы - етті дайындауды үйреткен видеосын жариялады. Ол видеоны толығымен қазақ тілінде түсірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Блогер өз видеосында ет асуды үйретіп, кейін балықтан жасалған кәуап дайындауды көрсетеді.

"Ас пісіріп жүргеніме көп болды. Бұрын видео форматында тамаққа қатысты түрлі әзілдер түсіретінбіз. Бұрын ұлттық тағамдар дайындайтынмын. Бірде Макс Мамырайынов деген жолдасым "Неге қазақша видео түсірмейсің? Қазақ тілінде сәл сөйлей аласың ғой. Өте жақсы шығатын сияқты" деді. Сөйтіп, видео түсірдім. Әдетте мұсылман бауырларымды қазақша құттықтап тұрамын. Кейде қазақша видеолар да түсіремін. Осындай кеңес берген жолдасыма рақмет", - деді Фима Иванов.

Блогердің айтуынша, енді ол қазақ тілінде видеоларды жиі түсіріп тұрмақ.

Видеоны қазіргі таңда 3,5 мыңға жуық адам қараған. Көрермендердің көбі блогердің қазақшасымен қатар, дайындаған астарын да мақтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети