24 ақпан 2021 | 14:37

Боран кезінде жүргізушілерге жол көрсеткен полицейге сыйлық берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетті тәнті еткен қостанайлық полицейге сыйлық берілді. Полиция қызметкері тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнетті тәнті еткен қостанайлық полицейге сыйлық берілді. Полиция қызметкері тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық Амантай Байжановқа сыйлық табысталды. Полицейдің әрекетін әріптестері жоғары бағалады. Лейтенантқа ІІМ логотипі бар сағат сыйға берілді. 

"Полицейдің әрекеті ел тұрғындарын тәнті етті. Әлеуметтік желі қолданушылары алғыс айтып жатты", - деді Қостанай облысы ПД басшысының орынбасары Ардақ Ынтықбаев. 

Бұл полицейдің алғашқы ерлігі емес. Бұған дейін ол әріптесімен бірге 15 адамды өрттен құтқарып қалған болатын. Сол кезде полицей ерлігі үшін "Өртте көрсеткен​ қайсарлығы үшін" төсбелгісімен марапатталған еді. 

Еске салайық, бұған дейін боран кезінде жүргізушілерге жол көрсетіп, жүгірген полицей туралы видео Желіде тараған болатын. "Көліктің алдына шығып, жүгіріп, қалаға шығатын жолды көрсетіп жүрген полицейлерге алғыс білдіремін", - дейді видео авторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Боран кезінде жол көрсетіп жүрген адам - Қостанай қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторы, лейтенант Амантай Байжанов. Ол полицияда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Үйленген, баласы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети