10 сәуір 2021 10:10

Борат туралы әзілдерден бастаған - Қазақстаннан шыққан комик "Вечерний Ургант" шоуында

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вечерний Ургант" бағдарламасынан кадр "Вечерний Ургант" бағдарламасынан кадр

Қазақстаннан шыққан стендап-комик Евгений Чебатков "Первый канал" арнасындағы "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстаннан шыққан стендап-комик Евгений Чебатков "Первый канал" арнасындағы "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығарылым видеосы кеше кешке жарияланды.

Евгений Чебатков шоуда стендап-комик ретінде алғаш рет Канадада оқып жүргенде өнер көрсете бастағанын айтты.  

"Онда "Борат" фильмінен тақырыптар пайдаланатынмын, себебі мен қазақстандықпын және "Борат" сол кезде қызу талқыланып жатқан. "Сәл-сәл осымен ойнай тұрайын" дедім. Таптаурын ойларды мүмкіндігінше бұздым", - деді Чебатков.

Сондай-ақ, комик Томскідегі радиода жұмыс істеп жүргендегі "күйзелісті" сәттерін еске алды. 

"Сен бір сағат бойы SMS-терді біреу жазып жатқандай ойлап табасың. Бірақ бұл әлемдегі ең күйзеліске толы жұмыс, өйткені саған ешкім жазмайды, - деді Евгений Чебатков. - Содан кейін анам менің қайда жұмыс істейтінімді білді де, жазуды қойды".

Евгений Чебатков - өскемендік 30 жастағы комик, ТНТ-дағы Stand Up шоуының қатысушысы. Ресей мен Канадада оқыған.

Бұған дейін Евгений Чебатковтан ресейлік журналист әрі блогер Юрий Дудь сұхбат алған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети