Бір жарым жасар бала улы жыланды тістелеп өлтірді

03 Қараша 2015, 10:54
0
Бір жарым жасар бала улы жыланды тістелеп өлтірді - © wordpress.com
© wordpress.com

Бразилияда бір жарым жасар бала улы жыланды тістелеп өлтірді, абырой болғанда балаға еш зақым келмеген, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Мостардас қаласында болды. Лоренцо есімді бала үйдің ауласында ойнап отырған, кенет оның қасында адам үшін уы өте қатерлі жылан пайда болған. Баланың жыланды қалайша тістелеп өлтіргені анық емес.   

Оқиғадан кейін бүлдіршін дереу емханаға жеткізіледі. Оның ата-анасы оны жылан тістеген екен деп болжапты. Алайда дәрігерлер баланың ағзасынан ешқандай улы зат таппады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай