Брижит Бардо Тоқаевқа Қазақстанның жануарларға қатыгездікпен қарайтынын айтып шағымданды

Брижит Бардо Тоқаевқа Қазақстанның жануарларға қатыгездікпен қарайтынын айтып шағымданды Brigitte Anne-Marie Bardot. Фото AFP©

Француз киносының жұлдызы Брижит Бардо Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Актриса хатында Қазақстанның жануарларға қатыгездікпен қарайтынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Француз киносының жұлдызы Брижит Бардо Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Актриса хатында Қазақстанның жануарларға қатыгездікпен қарайтынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, сізге еліңіздегі қаңғыбас жануарлардың тағдырына деген аянышымды білдіру үшін хат жазып отырмын. Әлі де хаттар келіп жатыр - иттер мен мысықтар қырылып жатыр. (...)

Мұндай қатыгездіктің шегі жоқ сияқты. Мысалы, Атырау мен Орал сияқты қалаларда жануарларды жансыздандырып, сал етіп, өртеп тастап жатыр. XXI ғасырда осындай азапты қалай ғана елестетуге болады? Мұндай әрекет жасайтындар, әсіресе Францияда және әлемнің басқа елдерінде есалаң адам деп саналады және олар ұзақ уақытқа түрмеге қамалады.

Президент мырза, сізден қаңғыбас иттерге назар аударуыңызды сұраймын. Зарарсыздандырып, еліңіздегі жануарларды қорғайтын адамдармен жұмыс істеп, жануарларды қорғайтын заң әзірлеуді сұраймын. Президент мырза, мен осы мәселені шешу мақсатында қордың өкілін жібере аламын. Үмітпен, Бриджит Бардо", - деп жазды актриса.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fondation Brigitte Bardot (@fondationbrigittebardot)

Айта кетейік, актриса Брижит Бардо кинокарьерасын 1973 жылы аяқтаған еді. Сол уақыттан бері ол жануарларды қорғаумен айналысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети