16 маусым 2014 | 17:26

Бүгінгінің баласы "Шымкенттің салқын сырасын-ай" деп ән салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бүгінгінің балалары «Жазда атасының ауылына барғанда, алдынан ойнақтап шығатын қошақан» жайлы әнді менсінбейді. Оған себеп те жоқ емес. Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында мұғалімдер балаларға арнап жазылған әндердің аз екендігін айтып мұң шағады. Есесіне бүлдіршіндер махаббат жайлы әндерді құшырлана орындайды. Айтайын десе басқа ән жоқ. Оның себебін "Алаш айнасы" анықтауға тырысып көрген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Бірде қаладағы мектептердің біріне жолымыз түсті. Музыка пәнінің мұғалімінен рұқсат алып, балалардың қандай ән айтып жүргенін тыңдап көрейік дегенбіз. Бірінен бірі қалыспай ән шырқауға көшкен балалардың алғашқысы «Арман-ай, тым алысқа әкеттің-ау сен мені...» деп шырқай жөнелді. Екіншісі де махаббат машақаты жайлы әнді боздатты. Үшіншісі тіпті «таңдайымызды қақтырды». «Шымкенттің салқын сырасы» деп балаларды ішімдік әлеміне жетелеп әкетті. Алдап кеткен арман, сүйгені тастап кеткен жігіттің жылаңқы әні... Бүгінгі бүлдіршіндердің аузынан тастамай айтатын әндері осындай. Бізді одан бетер таңдандыра түсейін дегендей оқушылардың бірі «апай, бұл әндер сізге ұнамай ма? Бұлардың бәрі де бүгінгі хит әндер ғой» деді. Пәк көңіл, періште пейілді сәбилердің бүкпесі жоқ ашық әңгімелері талай ойға жетелейді екен. Рас, бүгінде балалар әдебиеті сияқты балалар әні де тоқырау үстінде десек артық айтиқандық болмас. Қазіргі балдырғандарға ұйқасы жеңіл, тез жатталатын ойнақы әндер жетіспейтіні рас. Сосынғысын олар өзге тілдегі әндерді шырқауға құмар болмай қайтсін? Балаларға арналған әндер мүлдем жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бірақ, жаңа әндер теңізге жұтылып кететін тамшыдай болған соң, айтамыз дағы. Олардың көбісі осыдан ширек ғасыр бұрын шыққан әндер.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети