Бурабайда сілеусіндер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабайда сілеусіндер видеоға түсіп қалды © parkburabay Instagram-парақшасындағы видеодан кадрлар

Бурабайда сілеусіндер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Бурабай ұлттық саябағының Instagram-дағы парақшасы жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабайда сілеусіндер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Бурабай ұлттық саябағының Instagram-дағы парақшасы жариялады.

"Таяуда ғана түнде серуендеуге шыққан сілеусінді көрсеткен едік. Ол фотоқақпанға түсіп қалған. Ал бүгін тағы бір видео бөліспекпіз - мысық тұқымдасына жататын жыртқыштар Бурабайда серуендеуге шықты. Тату жанұяның көзге түсуі - сирек құбылыс, себебі сілеусіндер көбіне жалғыз жүреді. Ілбиіндер інсіндерін 60 күн бойы емізетінін білген бе едіңіздер? Жарты жыл бойында інсіндерін өз бетінше тіршілік етуге керектің бәрін үйретеді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Национальный парк "Бурабай" (@parkburabay)

Айта кетейік, қазіргі уақытта сілеусінді аулауға тыйым салынып, қатаң қорғауға алынған. Ол еліміздің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтарында және Сайрам-Өгем, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, "Көлсай көлдері", Қатонқарағай, Баяндауыл, Қарқаралы, Көкшетау, Бурабай ұлттық табиғи саябақтарында және таулы алқаптардағы табиғи қорықшаларда қорғауға алынған. Сілеусін хайуанаттар бақтарында қолдан көбейтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети