Ростов облысындағы Сальск қаласында "Магнит" супермаркетінің күзетшісі егде жастағы әйелді ұрлық үстінде ұстап алды. Кейін ол өзінің бұрынғы мұғалімі әрі мектеп директоры екенін таныды, - деп хабарлайды Bloknot.

Ер адам ұрлыққа тосқауыл қоюмен шектелмей, оқиғаның видеосын Интернетке таратып жіберген. Күзетші түсіріп алған кадрларда зейнеткерден жасырын қалтасы бар сөмкесін ашуды талап етеді. Онда азық-түлік табылады.
"Мынау не сұмдық? Бұлай істеуге бола ма? Бір кездері менің директорым болған едіңіз ғой", - дейді кадр сыртындағы ер адам.
Желі қолданушылары осыған байланысты дауласып жатыр, біреулері ұрлық жасаған зейнеткерді сөксе, бірі күзетшінің бұл ісіне сын айтқан.