Әлеуметтік желілерде "Чики-чики" сөзімен жұлдызға айналған шалқарлық шенеунік Аян Қорқытұлына тәртіптік кеңес шешім шығарды, - деп хабарлайды Керек.info басылымы.
Әлеуметтік желілерде "Чики-чики" сөзімен жұлдызға айналған шалқарлық шенеунік Аян Қорқытұлына тәртіптік кеңес шешім шығарды, - деп хабарлайды Керек.info басылымы.
Басылым тілшілерінің мәліметінше, тәртіптік кеңесте Интернет “жұлдызына” айналған шалқарлық шенеунік Аян Қорқытұлының аты аталғанда жиналған жұрт күліп жіберген. Тіпті тәртіптік кеңес мүшелерінің өздері шыдап отыра алмады. "Соған қарамастан, кеңес мүшелері коммуналдық шаруашылыққа жауапты басшыға аяушылық білдірген жоқ. Бір ауыздан “мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзды” деп айыптады", - делінген басылымда.
Тәртіптік кеңестің бас маманы Бағдат Кенжеғалиевтің айтуынша, кодексте “көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мемлекеттік қызметкер мәдениетті болуы тиіс” деп көрсетілген. Ал тілшіге неліктен дөрекі сөйлегені сұралған кезде Қорқытұлы камераның қосылып тұрмаған деп ойлағанын мәлімдеді. Сайт тілшілерінің хабарлауынша, “чики-чики” сөзімен интернет “жұлдызына” айналған шенеуніктің сөзі өтпеді. Жиын соңында тәртіптік кеңес Аян Қорқытұлын қызметіне толықтай сәйкес емес деп шешті.
Еске сала кетейік, осының алдында әлеуметтік желілерде шенеуніктің телеарна тілшісіне берген сұхбаты қызу талқыға түскен еді. Сюжетте жергілікті такси жүргізушілері жолдың жаман екеніне шағым айтады. Кейін шенеуніктің сөзі қосылған ән де жазылды.