Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның үйінің ауласында түлкілер мен қояндар жүгіріп жүреді екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның үйінің ауласында түлкілер мен қояндар жүгіріп жүреді екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астанада әрқашан күн шығып тұрады, әсіресе оны көрмейтін шенеуніктерге. Біз таңғы 9-да кеңсеге кіреміз де, шамамен кешкі 9-да шығамыз. Күн шығып, керемет күн болды деп ойлайсың, кіреберісте тұрып, ауа райы қандай керемет болды әрі таза ауа деп ойлайсың. Шынымды айтсам, Астанада, меніңше, соңғы 15-20 жылда ауа райы климаты қатты өзгерді, себебі мұнда дарынды адамдар көптеп жиналып жатыр. Мұнда жанды, дені сау энергетика жиналып жатыр. Астананың айналасында тамаша орман өсіп жатыр, онда жануарлар бар, үйімнің ауласында түлкілер мен қояндар жүгіріп жүреді", - деді Назарбаева әйелдердің Астанадағы IV Еуразиялық саммитінде.
"Таяуда ғана біздің орманшыларымыз Президентіміздің Астананың айналасында орман өсіру туралы идеясын ойлап тапқанының қандай жақсы болғанын айтып жатыр еді. Себебі қазір оларға да жұмыс табылды, жануарлар мен құстар пайда болды, оларға да жұмысы қызық бола бастады", - деді үкімет басшысының орынбасары саммиттің ашылуында.