Депутат Абайдың ұрпағын баспанамен қамтуды сұрайды

15 Қазан 2014, 17:24
0
Депутат Абайдың ұрпағын баспанамен қамтуды сұрайды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Үкімет басшысының атына сауал жолдап, Абайдың шөбересіне баспана мәселесі бойынша қолдау көрсетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смайыл Абайдың және оның ұлы Ақылбайдың қазақ тарихы мен мәдениетіндегі орнының ерекше екенін атап өтті. 

"Бүгінде ұлы Абайдың ұрпақтары ақынның өзіне көрсетілген құрметтерге ие емес. Қанша айтқанмен олар - ұлы адамның ұрпақтары, сондықтан оларға да қолдау көрсетілуі керек. Мен Абайдың шөбересі - Данияр туралы айтқым келеді, ол баспанаға зәру, бірақ мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрмей келеді, Абай сияқты ұлы адамның ұрпақтарының осындай жағдайда болғаны өкінішті. Данияр баспана мәселесін шеше алмай келеді", - деді депутат Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында.

Премьер-министрдің атына өтініш жасай отырып, "Кеңес одағы кезінде сый-құрметке ие болғанымен бүгінде ұмыт қалған адамдарға мемлекет тарапынан қолдау табылатынына" үміт білдірді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай