ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров артық салмақпен қалай күресіп жүргенін Instagram-дағы жазылушыларымен бөлісе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров артық салмақпен қалай күресіп жүргенін Instagram-дағы жазылушыларымен бөлісе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат артық салмақпен қалай күресіп жүргенін #karynsaubol хештегі арқылы жариялай бастады. Ал бұл хештег қолданушы satpaichik - Айнұр Сәтбаеваға ұнап, ол да артық салмақпен күресуге бел шешті. Тіпті, депутат Бердоңғаров пен Айнұр бәстесіп, 07 шілдеде нәтижелерін салыстыруға келісті. Сонымен қатар, қолданушы бұл бәсте жеңіліп қалса, депутатқа кітап сыйлаймын деп уәде етті.
Айта кетейік, депутаттың 6 маусымда жариялаған суретіне қарағанда, оның дене салмағы 100 келі болған. Ал 8 маусымда - 97, ал бүгін, яғни 9 маусымда - 95 келі. Депутат Instagram-дағы парақшасына спортпен айналысып жатқан сәттері мен таңғы асқа тек шәй ішіп жүргенін жазып, видео мен суреттерін жүктеді.