29 қазан 2019 15:58

Депутат Желіде тарап жатқан "жаңа ту" жайлы: Бұл ту - фейк!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде және Whatsapp мессенджерінде қазақстандықтар "Қазақстанның жаңа әскери туы" бекітілгені туралы талқылап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде және Whatsapp мессенджерінде қазақстандықтар "Қазақстанның жаңа әскери туы" бекітілгені туралы талқылап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Осы жағдайға байланысты депутат Бақытбек Смағұл өзінің ұялы телефонына ашынған азаматтардан хабарламалары түсе бастағанын айтады. 

"Православ кресіне келтірілген сияқты. Бұл тудың авторлары орыс сияқты, не шоқынған қазақтар", "Қазақы оюының өзі де крест, бұл не масқара!", "Төркіні христиандықтан бастау алатын Норвегияның, Швейцияның, Исландияның жалауынан ұрланған" деп шулап жатыр ел. "Бақытбек! Жалаңтөске ескерткіш орынатқаны орынды. Бірақ биліктің мына ақпаратта айтылған ісі рас болса, іс насырға шабады. Неге ақпарат алаңында түсіндіру күресін жүргізбейсіңдер! Ел дүрлігуде, ал, "скорость паники во много крат выше геометрической прогрессии..." Билік тарапынан ақиқатты түсіндіретін жедел қимыл-әрекет керек!" деп жазды жаңа ғана ұлтжанды азаматтардың бірі", - дейді Бақытбек Смағұл.

Депутат бірнеше мысалмен бұл ақпараттың жалған екенін түсіндірді.

"Біріншіден, "Президент құрлық әскерлері, әуе күштері және әскери теңіз флоты үшін бірыңғай әскери тудың дизайнын бекітті және ол елдің барлық әскери бөлімдері мен оқу орындарында пайда болды", - деген ақпараттың бастапқы қайнар-көзі "Панорама" басылымы болып табылады. Ал ол өзін "сатиралық басылым" деп атайды, яғни жазатындары ақиқат ауылынан алыс қонған әзіл-қалжыңдар ғана. Екіншіден, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарын жаңа байрақ пайда болған жоқ, бәрінде қолданыстағы тулары тұр. Үшіншіден, Қорғаныс министрлігі басшылығымен де хабарластым, олар осы күндері еш әскери ту өзгертілмегенін растады. Аңғал болмайық, ағайын! Көрінген құйтырқы әзіл мен фейкке сүйеніп, қазіргі аумалы-төкпелі заманда алтыннан да қымбат тыныштығымызды тоқырата бермегеніміз жөн", - деп түйіндеді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети