19 қараша 2014 | 13:15

Депутат қазақстандық шенеуніктердің менмендігін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortkom.kz ©ortkom.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев бюджет туралы заң жобасын қарастыру кезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке шенеуніктердің тәртібіне жіті назар аударуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев бюджет туралы заң жобасын қарастыру кезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке шенеуніктердің тәртібіне жіті назар аударуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан. 

"Шенеуніктер отыратын шағын мекемелердің өзінің жұмысқа зауқы жоқ, адамдарға назар салып қарамайды, кейбір жерде тіпті құрмет көрсетпейді. Мен шенеуніктердің адамды сыйламайтын жағдайларын көріп жүрмін, адамдарға қызмет көрсететін мекемелердің абыройы ең төменгі деңгейге жетіп отыр", - деді депутат. 

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары бірінші кездерде жақсы жұмыс істейтін, қазір олардың да тәртібі нашарлай бастады. Қазір біз халықпен қарым-қатынастың электронды формасын көргіміз келеді, бірақ адамның мүддесін қандай компьютер түсіне алмақ? Шенеуніктер адамдардан компьютер арқылы бөліне бастаса да, көргенсіздік көрсете береді, ал шалалығын компьтерге жаба салады. Үкіметте халықтың билікті құрметтейтіндей, сенімі болатындай байланыс формаларын жасау қажет. Адамды түсіне алмайтын, менмендік көрсететін мемлекеттік шенеунік - тәкаппарлыққа ұласып кеткен дерт, ал халықтан үстем болу барлық кезде де үлкен кемістік болып саналған", - деді Косарев. 

Косарев әлеуметтік тұрғын үй мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда босап қалған, бірақ қайта жөндеуден өткізіп, мұқтаждарға беруге болатын үйлер көп.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети