20 наурыз 2022 | 10:00

Диеталық наурыз көжені қалай жасау керек? Нутрициолог түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осыған орай Наурыз мәзірінде болуы қажет басты тағамның бірі наурыз көже екені белгілі. Нутрициолог Меруерт Шахабаева  Tengrinews.kz тілшісіне диеталық ұлттық тағамдардың, соның ішінде наурыз көженің құрамына не қосылатынын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осыған орай Наурыз мәзірінде болуы қажет басты тағамның бірі наурыз көже екені белгілі. Нутрициолог Меруерт Шахабаева  Tengrinews.kz тілшісіне диеталық ұлттық тағамдардың, соның ішінде наурыз көженің құрамына не қосылатынын айтып берді.

Нутрициолог "диеталық наурыз көже бар ма?" деп таңғалатындарға жауап берді.

"Иә, диеталық наурыз көже бар. Алда Наурыз мерекесі келе жатыр. Соған орай жеңіл түрде наурыз көже дайындауға болады. Оған бір шыны маш, бір шыны жүгері, бір шыны үрме бұршақ, бір шыны бидай, бір шыны бұршақ, ешкі айраны немесе үй айранын қосса жеткілікті. Жетіншісі - татымына қарай тұз. Жеті түрлі тамақ қосу арқылы наурыз көжеге жасалады. Айтылған жеті түрлі дәм құрамында күрделі көмірсу бар. Ол тез қарын аштырмайды. Бұл дәнді дақылдарды түнде суға салып қойған дұрыс. Себебі олардың құрамында фитин қышқылы бар. Фитин қышқылы дәнді-дақылды сыртқы ортадан қорғайды. Түнде суға салып қойып, таңертең пісірсек, фитин қышқылы жойылады. Сонымен қатар, оның ағзаға сіңімділігі де артады. Дәнді-дақылдардың сіңімділігін арттыру үшін үнемі жуып пайдалану қажет. Ешқандай қазы-қарты, құйрық майсыз да осылай наурыз көже дайындауға болады. Бұл асқазанға ауырлық түсірмейді. Таңертең жеке-жеке суға пісіріп, суыған соң айран құю керек. Міне, диеталық наурыз көженің мәзірі осындай", - деді ол.

© astana.gov.kz

Сонымен қатар, маман наурыз мәзіріне қандай тағамдар жататынын санамалап берді.

"Наурыз мәзіріне диеталық наурыз көже, құрт, табиғи сары май, жент жатады. Нан-бауырсақтың орнына диеталық қытырлақ нан тұтынуға болады. Диеталық қытырлақ нан ашытқысыз жасалады немесе үйден ашытқысыз нан пісіруге болады. Осы орайда жент құрамын айтып өтейін. Оған тортасынан айырылған сары май, таза бал, тары-талқан, мейіз, жаңғақ қосуға болады. Қанттың орнына таза бал қосылады. Бұл рецепт тойымды әрі пайдалы", - деді маман.

Нутрициолог ұлттық тағамдардың ағзаға пайдасын әңгімеледі.

"Ұлттық тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Мысалы, ешкі сүтінен жасалған йогурттың немесе ешкі айранының пайдасы зор. Әдетте ешкі сүті ана сүтіне балама ретінде қолданылады. Ешкі сүті ішектегі пайдалы бактерияны қамтамасыз етеді. Олар артса, имуннитет те жақсарады. Құрт - табиғи антисептик. Тамақ ауруымен жиі ауыратындар, тонзиллит, ангинаға шалдыққандар, тісі ауыратындарға құрт пайдалы саналады. Құрт құрамындағы тұз табиғи антисептик секілді қолданылады. Ал қазы-қарта, құйрық майды жақсы көретіндер таңертең тұтынғаны дұрыс. Түнде адамның өті де тыныштықта болады. Ұйықтаған кезде өт іркіледі. Таңертең табиғи жұмыртқа, май, қазы-қарта жесек, ұйықтап жатқан ағза тез оянады. Бұл өт ауруларының алдын алады, ми жұмысын, иммунитетті жақсартады", - деді ол.

Маман ұлттық сусындардың құрамында ақуыз мол екенін айтады. Ол қандағы иммуноглобулиннің артуына ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети