13 қыркүйек 2019 09:23

Димаш Құдайберген қытайлық мектеп оқулығының беттерінде жүр

Димаш Құдайберген туралы Қытай мектеп оқулықтарында мәлімет жүр. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген туралы Қытай мектеп оқулықтарында мәлімет жүр. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

"Өзіңді Қытай мектеп оқулықтарынан көрген керемет екен", - дейді әнші. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Приятно видеть себя в школьных учебниках Китая.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 12 Сен 2019 в 7:07 PDT

Жоғары сынып оқушыларына арналған кітапта әншінің биографиясы жазылған. 

"Димаш бала кезінен музыкалық талант иесі. Бірақ ол әлі де оқуда табандылық танытып, вокал қабілеттерін дамытып, әнді жақсы жеткізу үшін бірнеше тілді үйреніп жүр. Димаштың еңбекқорлығы биік жетістіктерге жетуіне ықпал етіп жатыр", - дейді кітап авторлары. 

Сондай-ақ, қытай оқушыларына Димаш туралы бірқатар сұрақ ұсынылған. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің Қытай еліндегі танымалдығы 2017 жылы I'm singer жобасына қатысқаннан кейін арта түскен. Байқауда финалға дейін жетіп, екінші орынды иеленген. 

Димаш Құдайберген АҚШ-та болатын жеке концертіне билеттердің сатылатын күнді жариялады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram