28 қараша 2019 09:43

Дональд Трамп боксшы образындағы суретін жариялады

Дональд Трамп © РИА Новости Дональд Трамп © РИА Новости

АҚШ президенті Twitter желісіндегі парақшасында боксшы кейпіндегі фотосуретін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости


АҚШ президенті Twitter желісіндегі парақшасында боксшы кейпіндегі фотосуретін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Фотода Трамп жартылай жалаңаштанған, қолғап, көк шолақ шалбар және чемпион белбеуін киген. Алайда Трамп бұл суретті неліктен жариялағанын түсіндірмеген. 

Бұған дейін 73 жастағы АҚШ президенті оның денсаулығына қатысты БАҚ беттеріндегі хабарламаларға наразы екенін айтқан. Трамп қарашаның ортасында аяқ астынан Вашингтон маңындағы әскери госпитальға барған болатын. Артынша қауөсет тарап кеткен. Ақ үй мәліметінше, Трамп кезекті тексерістен өткен. 

Трамптың сөзінше, ол БАҚ беттеріндегі жаңалықтарда көбіне оның жүрегі ұстап қалғаны жазылған. Кезекті тексеріс нәтижелері бойынша президенттің денсаулығы оның артық салмағы бар екеніне қарамастан жақсы.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети