Қыз 1983 жылы балабақшаға бара жатқан кезінде екі аяғынан айырылып қалған. Ол жол бойына жүгіріп шығып, жүк көлігінің астына түскен. Лидің өмірі бір сәтте өзгерді. Ол қайтадан "жүруді" үйренді. Қызға екі ағаштан жасалған орындық көмектесті.
Қыз 1983 жылы балабақшаға бара жатқан кезінде екі аяғынан айырылып қалған. Ол жол бойына жүгіріп шығып, жүк көлігінің астына түскен. Лидің өмірі бір сәтте өзгерді. Ол қайтадан "жүруді" үйренді. Қызға екі ағаштан жасалған орындық көмектесті.
Осындай жағдайға тап болған басқа адам күдерін үзер еді. Бірақ Ли өмір сүруге деген қызығушылығымен білім алып, өз пайдасын тигізуге деген ынтасымен ерекшеленді. Қыз дәрігер болуды бар ынтасымен армандады. Медициналық колледжге түсу үшін Ли өз ауылынан кетті. Сөйтіп, оқуын 2000 жылы бітірді.
Ли 15 жылдан бері өз ауылындағы адамдарға қамқорлық көрсетіп келеді. "Мен тек өз міндетімді атқарып жүрмін. Маған жалақы бермесе де, мен ауыл дәрігері болып жұмыс істей беретін едім", - деді қыз.
Ли Йухонг қан қысымын өлшеп жатыр.
Ол өз ауылындағы барлық тұрғындар мен жақын ауданда тұратындарға көмектеседі.
Ли Қытайдың оңтүстік-батысындағы кішігірім Вадиан ауылында тұрады. Оның жұмысы - нағыз ерлік, алайда ол олай ойламайды. Оған өзінің сүйікті ісімен айналысқан қана ұнайды. Қызға оңай емес, бірақ ол емделушілерінің жазылып жатқанын көріп, босаңсуға және өзін аяуға болмайтынын түсінеді. Ол адамдарға расында да қажет.
Ли әр түрлі жағдайларға байланысты қабылдауға келе алмайтын емделушілерін қарап жатыр.
15 жылдан бері Ли ағаштан жасалған 30 орындықпен қозғалып жүр.
Ли өзінің жұмысын жақсы көреді.
Қыз өзінің оптимизмімен емделушілерінің көңілін көтереді.
Ол байсалды, шыдамды және ерік күшін жоғалтпайды.
Ли өзінің туған ауылындағы Ксинг есімді азаматқа тұрмысқа шықты. Ксинг әйеліне үй шаруасына және Ли емделушілеріне өз бетімен бара алмайтын жағдайларда, оны өзі алып бару үшін жұмысын тастады. Кейде емделушілер қарттар немесе ауыр жағдайдағы адамдар болса, ол Лиді көрші ауылдарға да апарады. Лидің қамқорлығында мыңға жуық адам тұратын 300 үй бар.
Лидің жолдасы оның емделушеріне дейінгі алыс жолдармен оларға жетуіне көмектеседі.
Соңғы кездері Ли шынтақтап отыратын таянышы бар мүгедектер арбасымен жүреді, алайда ол әр кезде қажет емес, тек фермалардағы түзу емес жолдарда жүрген кезде қолданады.
Ксинг барлық жағдайда әйеліне қолдау көрсетеді.
Қызды біздің заманымыздың батыр әйелі деп санауға болады.
Лидің тағдыры адамды жігерлендіріп, қамқорлыққа деген сенімді нығайтады.