Екінші дүниежүзілік соғыс медальдары хабарландыру сайттарында сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші дүниежүзілік соғыс медальдары хабарландыру сайттарында сатылып жатыр

Тегін хабарландыру сайтында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы медальдар сатылымға қойылған. Олардың ішінде Ленинградты қорғау мен Германияны жеңуге қатысты берілгендері де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сатып жатқандар медальдардың барлығы түпнұсқа екенін айтады. 

Медальдардың бағасы бес мыңнан сегіз мың теңгеге дейін барады және лентасымен бірге, ал кей жағдайда сертификатымен бірге сатылады. Мәселен, "За доблестный труд в Великой Отечественной войне" медалінің құны 7500 теңге. 

"За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945" медалінің бағасы бес мыңнан басталады. 

Сонымен қатар, сатылымға "За оборону Ленинграда", "За оборону Кавказа", "За доблестный труд в Великой Отечественной войне" және басқа да медальдар қойылған. 

"Әрине, мен мұндайды айыптаймын. Олар кім болса да, сатып жатқандар. Аталарынан қалған болар. Мұндайды жәдігер ретінде сақтау керек, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, мақтан тұту қажет. Бұл ауыр еңбекпен келген, олардың құны өмір мен денсаулық болды. Оларды отаны марапаттаған, мұндайды сату ойға сыймайды", - деп пікірін білдірді Астана ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Амангелді Әшіров. 

Ол жұрттан аталарының медалін сатпауға және оларды естелік етіп сақтауға шақырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети