24 мамыр 2016 17:28

Эксперимент: Астаналықтар суицид жасағысы келген адамға көмектесе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Астаналық Burn TV жобасының пранкерлері кезекті эксперимент түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы олар астаналықтардың суицид жасағысы келген адамға қандай көмек бере алатынын тексергісі келіпті.

"Қазақстан әлемде суицид бойынша үшінші орын алады, кей жағдайда жайбарақат тұрып, телефонының камерасына түсірген адамдар табылды. Жаңа экспериментімізде қалалықтар суицид жасағысы келген адамға көмектесе ме, жоқ па - осыны анықтаймыз", - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар көшедегілердің 80 пайызының бос өтіп кете салғанын айтады. Алайда көмектескендер де болды. Мәселен көшедегілердің бірі оны құшақтап, бұл ойынан айнып, болашаққа сеніммен қарауға кеңес айтты. Соңында пранкерлер "Сен осындай жағдайдағы адамға көмектесер ме едің?" деген сауал тастайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети