26 қыркүйек 2019 | 18:19

Экзоқаңқа ойлап тапқан ғалым ауылда математикадан сабақ береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Нұрсұлтан Момынов 27 жасында математика мен физика бойынша кітаптар жазды, Оңтүстік Кореяда ғылыммен айналысты және оның зерттемесін Германия Технологиялық университетінің қызметкерлері сатып алды. Қазір ол бір компанияның жабдықтау бөлімінде жұмыс істейді және демалыс күндері Алматы облысындағы Райымбек ауылында болашақ ғалымдарға сабақ береді. Tengrinews.kz редакциясының тілшісі "Қазақстанның ұлағатты ұстаздары" жобасы аясында бірегей жетекшіден сұхбат алды.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Момынов 27 жасында математика мен физика бойынша кітаптар жазды, Оңтүстік Кореяда ғылыммен айналысты және оның зерттемесін Германия Технологиялық университетінің қызметкерлері сатып алды. Қазір ол бір компанияның жабдықтау бөлімінде жұмыс істейді және демалыс күндері Алматы облысындағы Райымбек ауылында болашақ ғалымдарға сабақ береді. Tengrinews.kz редакциясының тілшісі "Қазақстанның ұлағатты ұстаздары" жобасы аясында бірегей жетекшіден сұхбат алды.

Нұрсұлтан Момынов Алматы облысындағы Райымбек ауылында тұрады және сол жақта жұмыс істейді. Демалыс күндері математика мен физикадан сабақ береді. Ол балаларды оқытуда өз әдісін қолданады.

"Өкінішке орай, барлық маманда бірдей мұғалім болуға сәйкес деңгей жоқ. Диплом бар, бірақ білім жоқ. Мен тақырыпты әр оқушы түсінгенін қалаймын және сол үшін тырысамын. Мен тапсырманың мағынасын түсіндіремін, ал балалар шешімін өздері табады. Менің әдісім бойынша, тақырыптың мәнін 3-5 минуттің ішінде түсіндіру керек. Себебі кез келген жаңа ақпарат тек бастапқы минуттарында ғана қызық және әр бала бірдей 5 минуттан аса уақыт айтылатын ақпаратты түсіну түгіл есте сақтай да алмайды", - дейді Нұрсұлтан Момынов.


Райымбек ауылы, 2018 жыл

Нұрсұлтан балаларды оқытумен қатар өнертабыспен айналысуды ұнатады. Ол 20 жасында экзоқаңқа ойлап тапқан. Оның өнертабысына шетелдіктер қызығушылық білдірген.

"Мен 2012 жылдың соңында біздің профессорларға және басқа шетелдік кісілерге өзімнің есептерім мен бастапқы сызбаларымды ұсындым. Өкінішке орай, менің еңбегіме қазақстандық ғылыми орталардан жауап келмеді, бірақ зерттемені Германия Технологиялық университетінің қызметкерлері алды" - дейді Нұрсұлтан.

Нұрсұлтан Оңтүстік Кореядан шақырту алып, 2015 жылы сол жаққа жұмыс істеуге барады: "Мен ол жақта "Хань-Янь" университетінің жанынан құрылған зерттеу орталығында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істедім. Қолданбалы математика бойынша тәжірибе жинап, 2016 жылы үйге оралдым".


Оңтүстік Корея, 2015 жыл

Оның балалық кездегі ұшқыш болу арманы оны математикаға әкелді. Ал өзінің тәлімгерлікке деген махаббатын Нұрсұлтан генмен байланыстырады. Оның ата-анасы да ұстаздар.

"Әкем – химия мұғалімі, ал анам – орыс тілі мұғалімі. Мен балалық кезімнен бастап олардың сабақ бергенін көріп өстім. Мен өз білімімді бөлісетін адамдардың барына қуанамын. Менің оқушыларым көп емес, бірақ олардың арасында дарындылар бар. Оқушыларым болашақтың технологиясын ойлап таба алатынына сенемін. Қазір мен нақты бір тақырыпты түсіндірген кезде балаларға жүргізілген тәжірибелер жайлы айтамын. Ол балаларға тақырыпты тез түсінуге көмектеседі", - дейді Нұрсұлтан.

Ол өз оқушыларын (мектеп оқушылары мен студенттерді) әріптестер деп атайды. Оның айтуынша, бұл кез келген ұжымдағы секілді тең дәрежеде сөйлесуге мүмкіндік береді. Нұрсұлтан сабақ берген екі жылдың ішінде 100-ге жуық кітап шығарған.

"Мен өзімнің туған ауылымда оқу орталығын аштым, себебі ауылдарда білім әлсіздеу болып келеді. Балалардың ғылымға деген қызығушылығын ашқым келеді. Иә, оқу ақылы, бірақ қаражаттың көп бөлігі ғимаратты жалдауға, керек-жарақ алуға және оқуға қажетті техника сатып алуға кетеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан өзінің ғылыми қызметін де жалғастырып жатыр.

"Қазір мен қалалардағы ауаны тазарта алатын ауа сүзгісін өңдеумен айналысып жатырмын. Менің есептеуім бойынша, 2013 жылы ауадағы оттек шоғырлануы шамамен 18,7 пайыз болса, қазір 17,5-18 пайызды құрайды. Негізі, шамамен 21 пайыз болуы керек. Тенденция ұлғайып барады, сондықтан екі ұрпақтан кейін аллергия мен онкологиялық аурулардың аса көбеюіне тап боламыз. Менің жобам материалдық шығын мен уақытты қажет етеді", - деді ол.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан – математика мен физика бойынша анықтамалықтардың авторы. Қазақстандық мектептер мен жоғары оқу орындарында оның кітаптары бойынша сабақ оқиды.

Қорытындылай келе, Нұрсұлтан қазақстандық ойшылдар неліктен шетелге көшіп кететіні туралы өз ойын айта кетті.

"Біздің мемлекетте ғалымдарға көмек жоқ. Сондықтан Қазақстанның болашағы, біздің дарынды балалар, елден кетіп, шетелден қолдау табады. Мемлекет бізге көмектесуге міндетті емес екенін білемін. Бірақ біз еліміздің дамығанын қаласақ, өз ғылымдарымызды жоғалтпауымыз керек. Олардың дамуына қажетті шарттарды жасап, оларды ұстап қалу керек", - деді Нұрсұлтан.

"Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети