Электрондық темекі Германия тұрғынының аузында атылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электрондық темекі Германия тұрғынының аузында атылды © REUTERS

Немістің Кельн қаласының тұрғыны аузында электрондық темекі жарылғаннан кейін бірнеше тісінен айырылды, - деп хабарлайды The Local басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Немістің Кельн қаласының тұрғыны аузында электрондық темекі жарылғаннан кейін бірнеше тісінен айырылды, - деп хабарлайды The Local басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 20 жастағы жігіт мамандандырылған дүкенге келіп, құрылғының жаңа қуаттағышын және буландырғышын сатып алған. Осыдан кейін ол сол орында құрылғының бөлшектерін ауыстырмақ болады, алайда оны тартып көргісі келгенде электрондық темекі атылған. 

Салдарынан жігіттің бірнеше тісі сынған, ал беті қатты күйіп қалған. Дүкен қызметкері дереу жедел жәрдемді шақырып, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізіледі. Полиция осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

Еске салайық, 2012 жылы америкалық Флорида штатының тұрғыны аузында электрондық темекі жарылғаннан кейін тілінің жартысынан және тістерінен айырылған болатын. Өз кезегінде америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, кейбір ароматтардың бұл құрылғыда зиян екенін анықтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети