18 ақпан 2020 12:21

Элизабет Тұрсынбаева анасы өткерген ауыр кезеңдер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева анасы өткерген ауыр кезеңдер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева анасы өткерген ауыр кезеңдер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәнерлеп сырғанаушы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Спортшының анасы Падишахан Сұлтаналиева Қырғызстанда дүниеге келген екен.

"Анам бастапқыда индустриялық-педагогикалық техникумды бітіріп, жарты жылда орыс тілін меңгеріп алды. Сосын Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетте оқыды.  Күндіз оқып, түнде нан зауытында жұмыс істеп, таң атқанда сабақ оқитын. Уақыт болса ғана ұйықтайтын. Осылайша Мәскеуде жоғары білім алып шығады", - деп жазған Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elizabet Tursynbaeva (@elizabetkz)

Оның айтуынша, анасы 26 жасында өзіне пәтер сатып алған.

"Үйден кеткенде қолында нәбәрі 28 рубль болды. Сосын Тимур мен дүниеге келдім. Кейінінрек қымбатырақ пәтер сатып алды. Ата-анасы аса көмектесе алмады, себебі олардың отбасында 8 бала бар. Содан анам өз бизнесін ашты, бижутерия дүкендерін желісін ашты. Сосын мейрамханаға ашуға кірісті. Бірақ кейін ол бизнесті сатып жіберуге тура келді. (...) Ол біз үшін көп жұмыс істеді, бізге қорған болды. Біз анамыздың арқамызда осындай болып отырмыз. Анамды әрдайым мақтан тұтамын", - деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети