28 желтоқсан 2015 | 12:25

Елімізде Жаңа жылды қарсы алуға қанша қаражат қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caterman.net © caterman.net

Жаңа 2016 жылға санаулы күндер қалды, жұрт ендігі мерекелік дастарханға не қоярын және қонақтарын немен таңғалдыруға болатынын ойлап, бас қатыруды бастады. Tengrinews.kz тілшілері елімізде жаңажылдық дастарханға орташа қанша қаражаттың қажеті болатынын есептеп көрді.  


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа 2016 жылға санаулы күндер қалды, жұрт ендігі мерекелік дастарханға не қоярын және қонақтарын немен таңғалдыруға болатынын ойлап, бас қатыруды бастады. Tengrinews.kz тілшілері елімізде жаңажылдық дастарханға орташа қанша қаражаттың қажеті болатынын есептеп көрді.  

Жұрт бірінші кезекте азық-түлік сатып алудың шығыны көп әрі қиын жұмыс екенін біледі. Орташа мәзірге мына тағамдар кіріп отыр: асылған ет, көк-сөк (селедка под шубой), оливье және тоңба. Осы тағамдарды жасауға қажетті азық-түліктің орташа құны - 9065 теңге. Бұл - Алматыдағы ірі гипермаркеттердің біріндегі бағамен сәйкес.

Сонымен қатар, дастарханда корей сәбізі, туралған ет, торт, кәмпит, жеміс, шампан, сусын және газдалған сусын. Бұған 7450 теңге қажет. 

Жаңа жылда кем дегенде төрт адамға жасайтын сыйлықтар бар. Мұнымен қатар, мерекелік көңіл-күйге отшашулар қажет - осы жағдайда 15 мың теңге жұмсалады. Қорытындысында, Жаңа жылды қарсы алуға 31 515 теңгеге шығындаласыз.

Айта кетейік, өткен жылмен салытырғанда биыл азық-түлік біршама қымбаттады. Нақтырақ айтсақ, ет, жұмыртқа, балық қымбат. Салыстырмалы түрде көкөніс пен сусындар арзандады. 2014 жылы жаңажылдық дастарханға 30 050 теңге қажет болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети