Еліміздегі ең әдемі жаңажылдық шыршалар

31 Желтоқсан 2014, 17:16
0
Еліміздегі ең әдемі жаңажылдық шыршалар - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Tengrinews TV еліміздегі жаңажылдық шыршаларды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Портал Қазақстандағы жаңажылдық шыршалардың ішінде бұл жылы Петропавл қаласының шыршасы ерекше болғанын хабарлайды. Бұл қалада басты алаңның көркін инновациялық Led-шырша келтіріп тұр. Ал Астана Жаңа жыл қарсаңында ертегі қалашығына айналды. Иллюминация, үлкен шиша шарлар, ағаш үйлер және, әрине, Жаңа жылдың басты символы - қой мүсіні. Алматыда болса шырша бір ай бұрын қойылды. Мегаполистегі басты жаңажылдық шырша Республика алаңында тұр. Аяз Атаның шаңғылары мен аққалалары Қарағанды қаласын да ертегіге айналдырды, ал Өскеменде жаңажылдық шыршаның айналасында өткен жылдың белгісі - жылқылар тұр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай