Қазақстанда Елка есімді 78 адамның бар екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда Елка есімді 78 адамның бар екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіні редакция жолдаған сауалға берген жауабында 44 адамға Елка есімі берілгенін және тағы 34 адамның Ёлка транскрипциясымен тіркелгенін айтты.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері Жаңажыл есімді 5 адамның бар екенін айтты. Жаңажылдық есімдердің арасында Ақшақар да бар. Елімізде 6 адамның есімі Ақшақар екен, сондай-ақ, тағы үш адам Ақшақар транскрипциясымен тіркелген болып шықты.
Ал Астанада Ёлка Жомарт есімді қыз тұрады екен. Ол қаладағы құрылыс дүкендерінің бірінде кассир болып жұмыс істейді. Қыздың есімі көрсетілген чектің суреті әлеуметтік желілерде таралған болатын. Бірақ Ёлка Жомарт есімді қыз қандай да пікір білдіруден бас тартты.