07 қаңтар 2020 10:56

Елордалық дәрігердің жазып бергенін төрт дәріханада ешкім оқи алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ves-novgorod.ru © ves-novgorod.ru

Елорда тұрғыны дәрігердің жазып берген дәріқағазын өзі барған төрт дәріханада ешкім түсіне алмаған. Tengrinews.kz тілшісі. 


Елорда тұрғыны дәрігердің жазып берген дәріқағазын өзі барған төрт дәріханада ешкім түсіне алмаған. Tengrinews.kz тілшісі. 

Қыз бала дәрігердің жазғанынын оқи алатындар бола ма деген үмітпен Instagram желісіндегі zhaloby_astana паблигінде көмек сұрапты.

"Қайырлы түн! Мені кеше кешкісін жедел жәрдем ауруханаға алып келді, дәрі жазып берді. Жақын маңдағы төрт дәріханаға бардым. Бірде бір фармацевт дәрігердің жазуын түсіне алмады. Бұл қалай? Мен кеше емделмедім. Таңда не боларын білмеймін. Біреу түсіндіріп бере ала ма, мен жылдам дәріханаға барып келейін. Ауыртпалық бар, ем жоқ", - деп жазды қыз бала. 

Пікір қалдырушы қазақстандықтар қызға көмектеспек болды. Алайда олар да түсіне алмай дал болды. Дәрігердің кәсіби жазуын олар әзілге айналдырды. 

"Мұндай жазумен экзорцисттерді (жын шығарушылар) шақырып, қасиетті суға шомылу керек", "Сізге 7 препарат сатып алу керектігін түсіндім, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 дегеннен басқа дым түсіне алмадым", "Сақтап қою керек, өзіңнің жазуыңның нашар деп ойлаған кезде осыған қарайсың да, сабырға келесің", "Дрлилилилилт лилили лилили, дрлилилилилили болды ғой мынау", "Менің жазуым нашар ма деп жүрсем... Өзіме деген сенімді арттырғаныңыз үшін алғыс білдіремін!", "Дәрігердің өзіне көрсетіңіздер осы шедеврді! Өзі де оқи алмас!!!", "Не түсінбейтіні бар? 1) влаллвтстч 2) шашажцт 3) худчовош 4) вззвчлоц 5) вззвьчту 6) узйтивнчьць 7) дучьоагу", - деп әзілдеді пікір қалдырушылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети