Енді ер адамдар Келін қосымшасына кіре алмайды

11 Сәуір 2016, 15:43
0
Енді ер адамдар Келін қосымшасына кіре алмайды -

Енді ер адамдар Келін қосымшасына кіре алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаның дамуы жөніндегі өкілі әрі ZeroToOneLabs.com жобасының маркетинг жөніндегі менеджері Марат Шәкен хабарлады. Келін - қалыңдықтарға арналған аноним желісі. Бүгінде бағдарламаны 168 мың адам жүктеген.  

Соңғы уақытта қалыңдықтарға арналған чатта тұрмысқа шыққан әйелдерге әдепсіз ұсыныстар жасап, интим тақырыптарын дамытып жүр. Қосымшаны қолданушылар мұндай әрекеттерге қарсы болып, ер адамдарға бұл бағдарламаны жауып тастауды сұраған еді. 

"Шалалықтың болғанын түсінеміз. Бірақ бұл уақытша құбылыс, оны таяу арада жоямыз. Соңғы апталарда ер адамдардың тарапынан танысуға ұсыныс жасау туралы жарияланымдар көп болып кетті, осыған қыздар шағымдана бастады. Біз мұндай жарияланымдарды өз уақытында құлыптап отыруға тырысамыз, - деді Марат Шәкен. - Біз жабық тәртіпте ер адамдарды жарияланымдары мен пікірлері бойынша құлыптау қызметін тексеріп жатырмыз. Бұл қызметтің қалай жұмыс істейтінін айтпаймыз, себебі жігіттер бұл шектеулерді біліп алса, ойлағанымыз жүзеге аспай қалуы мүмкін, бұл мақсатта біз мүмкін болған барлық техникалық әдістерді қолданамыз, белгілі бір сөздерді қолдануға байланысты мәтін талдауы, жарияланымның мәні, email атауы қарастырылады. Біздің қосымшамыздың негізгі аудиториясы саналатын қыздардың аноним тәртіпте қалуды қалайтынын және бұл әлеуметтік желіні жігіттерге жабық етуді қалайтынын білеміз", - деді Шәкен.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай