Ер адам әйел болып әзілдеймін деп сүйіктісінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам әйел болып әзілдеймін деп сүйіктісінен айырылды © unilad.co.uk

Ұлыбританиялық Райан Хилл есімді жігіт Snapchat қосымшасындағы жаңа фильтрдің (адам жынысын өзгертетін) көмегімен әзілдеймін деп Мелисса Дансмор есімді сүйіктісімен ұрысып қалды, - деп хабарлайды Metro.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Райан Хилл есімді жігіт Snapchat қосымшасындағы жаңа фильтрдің (адам жынысын өзгертетін) көмегімен әзілдеймін деп Мелисса Дансмор есімді сүйіктісімен ұрысып қалды, - деп хабарлайды Metro.

Хилл Дансморға өзінің "қыз" болып өзгертілген суретін жіберіп "Менің үстімде сенің жігітіңнің жейдесі" деп жазып жіберген. Кейінірек ол қазір ғана жіберген суретті қарамауын өтінген. Қыз бала жігітінің басқа бір қызбен жүргеніне сеніп, ашуға булыққан. 

"Шын айтып отырсың ба? Жұмыстан соң үйге келмесең де болады. Қайдағы бір қыздың үстінде неге сенің футболкаң жүр? Мен сені қара тізімге қойдым", - деп жазды Дансмор Хиллдың хатына жауап ретінде. 

Жігіт қызға бар шындығын айтқан күннің өзінде Дансмор оған сенуден бас тартып, жақындайтын болса бетінен ұратынын айтқан. Хиллдың айтуынша, олар әлі табыспаған. 

Америкалық блогер Гэбби Ханна осы қосымшаны пайдаланып, адамдарды алдауды ұйғарған. Алайда ол мұны әзіл үшін емес, Instagram желісіндегі қолданушылардың суретін қаншалықты өзгертуге болатынын дәлелдегісі келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети